Қашқардағы бес шекарадан сегіз елге қатынауға болады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 13 қараша
Қашқардағы бес шекарадан сегіз елге қатынауға болады

13 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жібек жолы экономикалық белдеуінің маңызды бөлігінде орналасқан Оңтүстік Шыңжаңдағы Қашқар аймағы бірегей географиялық артықшылықтарға ие. Бұл аймақ Қазақстан, Пәкістан және Тәжікстан сияқты 8 елмен шекараласады немесе іргелес. Қашқарда Хунжерап, Қарасу, Тұрғат, Илкештан және Қашғар әуе порттарын қоса алғанда, сыртқы елдерге ашық бес порт бар, сондықтан да «бес портпен сегіз елге қатынап, Еуразияны жалғайды» деген атауға ие. Қытай үшін аталмыш байланыс батысқа ашылатын маңызды терезе, сонымен қатар Қытайдың Орталық Азия, Оңтүстік Азия, Батыс Азия, тіпті Еуропаға шығуы үшін халықаралық алтын арна болып табылады.

Қашқар кеденінің статистикалық деректеріне сәйкес, биылғы жылдың алғашқы үш тоқсанында Қашқар аймағының импорты мен экспортының жалпы құны алғаш рет 60 миллиард юаньнан асты. Бұл Шыңжаң импорты мен экспортының жалпы құнының 24,1%-ын құрап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 89,7%-ға өсті. Жалпы көлемі мен өсу қарқыны, сондай-ақ импорт пен экспорттың жалпы құны бойынша еркін сауданың жан-жақты аймағы Шыңжаңда бірінші орынды иеленді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото