Чунциннің Юнчуаньынан алғашқы Қытай-Еуропа тіке қатынайтын пойызы жолға шықты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 15 қараша
Чунциннің Юнчуаньынан алғашқы Қытай-Еуропа тіке қатынайтын пойызы жолға шықты

15 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 14 қарашада Чунциннің Юнчуань ауданындағы Қытай-Еуропа коммерциялық көліктеріне арналған алғашқы JSQ арнайы пойызы Юнчуаньнан сәтті шығып, тікелей Еуропаға бет алды. Бұл арнайы пойызға Юнчуаньда шығарылған 232 Great Wall көліктері тиелген, оның жалпы жүк құны шамамен 42 миллион юань. Осы арнайы пойызбен жөнелту «Юнчуаньда өндірілген» өнімдерін тікелей шыққан жерінен жөнелтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ логистикалық шығындар мен зат сапасына нұқсан келтіруді төмендетті. Сонымен қатар арнайы пойыз жол бойында қайта құрауды қажет етпейді, бұл жүк айналымы уақытын 2-ден 3 күнге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото