«Қаланың ортасындағы ауыл» -- ежелгі Ганкэн хакка ауылы (2)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 16 қараша
«Қаланың ортасындағы ауыл» -- ежелгі Ганкэн хакка ауылы

16 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Шэньчжэньнің Лунган ауданында орналасқан ежелгі Ганкэн ауылы Шэньчжэньдегі ең үздік он ежелгі ауылдың бірі. Бұл жерді таулар мен өзендер қоршап жатыр. Үйлер мен көшелер де қайшалысып, бейне заманауи қаланың ішіндегі «көркем ауыл» сияқты. 14 қараша күні Германия, Бельгия, Куба, Италия, Тунис, Танзания және басқа елдерден келген шетелдік және қытайлық тілшілер Хакканың бай мәдениетін сезініп, әртүрлі пасторлық пейзаждарды тамашалау үшін осы 350 жылдық тарихққа ие хакка ауылына барды.

Шэньчжэньдегі хакка диалектісінде «кэн» ұғымы бұлақ деген сөзді білдіреді. Ежелгі Ганкэн ауылында бұлақ пен бастаулар көп болғандықтан да ежелгі ауылды осылай атаған. Бұл бір кездері хакка халқының қонысы болған. Оның күн қалпағы сияқты материалдық емес мәдени мұрасы бар. Бекініс ауласы, Гуанди храмы және ескі Хакка ауылы сияқты тарихи ғимараттар сақталған. Олар табиғатпен жарасым тауып, хакка мәдениетінің ерекшелігін құрайды.

Ганкэн бір кездері «ұмытылған» жер болған. Ежелгі ауыл бейнесіне негізделе отырып, «мәдениет + туризм + қалалану» стратегиялық моделіне бағытталған Шэньчжэньдегі Хакка мәдениетін сақтаудағы бүгінгі ежелгі Ганкэн қаласы мәдениетті, экологияны, ғылым мен технологияны, сондай-ақ туризмді біріктіретін «Қытайдың алғашқы мәдени жасампаздықты ауылына» айналды. 350 жыл толған ежелгі Ганкэн қаласы қазір жасарып, өміршеңдікке ие бола бастады. Ганкэн ежелгі келбетімен, суының сыңғырымен қала тұрғындарының қарбаласы мен шаршауын басып, «Шэньчжэнь қарқыны» ішіндегі жайлы ауылға айналды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото