«Дуньхуан» (Дуньхуан-Тяньцзинь-Тайланд) теміржол-теңіз халықаралық интермодальды жүк пойызы алғаш жолға шықты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 22 қараша
«Дуньхуан» (Дуньхуан-Тяньцзинь-Тайланд) теміржол-теңіз халықаралық интермодальды жүк пойызы алғаш жолға шықты

22 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 21 қарашада 1000 тонна асбест тиелген «Дуньхуан» (Дуньхуан-Тяньцзинь-Тайланд) теміржол-теңіз алғашқы халықаралық интермодальды жүк пойызы Ганьсу өлкесіндегі Дуньхуаннан жолға шықты. Ол Тяньцзинь порты арқылы Бангкокқа жетеді. Пойыз Дуньхуандағы 2022 жылғы Қытай-Лаос теміржолының (Дуньхуан-Вьентьян-Бангкок) халықаралық жүк пойызы, «Дуньхуан-Цинчжоу-Индонезия» батыс құрлық және теңіз қатынасындағы асбест пойызы және 2023 жылы мамырдағы «Дуньхуан-Нинбо-Бангкок» интермодальды асбест пойызынан кейінгі төртіншісі болып табылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото