Жылына 3 мыңнан астам Шыңжаңның ауыр жүк көлігі Орталық Азияға сатылады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 22 қараша
Жылына 3 мыңнан астам Шыңжаңның ауыр жүк көлігі Орталық Азияға сатылады

22 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Shaanxi Automobile Xinjiang Automobile компаниясы директорының орынбасары Ши Синьли Үрімжі қаласында компания шығарған ауыр жүк көліктері Қорғас портына жеткізіліп, тиісті рәсімдерден өткеннен кейін Орталық Азияның бес еліне сатылатынын, бұл жылына 3000-нан астам көлік сатуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

«Тауарды таңертең жөнелтіп, түстен кейін клиенттерге тапсырылады деп айтуға болады. Ляньюньган-Қорғас тасжолымен Үрімжіден жолға шықса, 600 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өтіп, ол 6-7 сағатта жетіп барады», - деді Ши Синьли.

«Мұндағы барлық тауарлар алдын ала тапсырыс бергендер, бізде алдын ала дайындаған қор болмайды» деді Ши Синьли. Шеберханада жұмысшылар бір көліктің барлық құрылысын 12 минутта аяқтап шығады. Жиналған автокөлік сервистік қызметке беріледі және тікелей Қорғасқа жеткізіледі. Қазақстаннан және басқа елдерден келген клиенттер сол арада тауарларын күтеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото