- Барлық ақпарат
Қытай-Еуропа (Сиань) пойызы бүкіл ел бойынша тасымалдау көлемінің төрттен бірін иеленді (5)
![]() |
29 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 28 қараша күні X8155 Қытай-Еуропа пойызы қажетті заттарды, фитнес машиналарын және басқа тауарларды тиеп, Сиань халықаралық порт станциясынан Германияның Гамбург қаласына бет алды. 2013 жылдың 28 қарашасындағы алғашқы сапарынан бастап Қытай-Еуропа (Сиань) пойызының ашылғанына он жыл толды.
Соңғы он жылда Қытай-Еуропа (Сиань) бағытында 20 897 пойыз жолға шыққан. Бұл елде ашылған Қытай-Еуропа пойыздарының жалпы санының төрттен бірін құрайды. Ал ашылу және тасымалдау көлемі, ауыр салмақты жүк жәшіктерінің саны сияқты негізгі көрсеткіштер бойынша елде бірінші орында тұр.
Қазіргі уақытта Қытай-Еуропа (Сиань) пойызының күніне орта есеппен 15-і жолға шығады. Ал орташа есеппен 1 сағат 40 минутта бір Қытай-Еуропа пойызы Сиань халықаралық порт станциясынан жолға шығады немесе келеді.
people.cn © People's Daily Online