Шаньдунның Вэйхай қаласында Қытайдың теңіздегі ұшқышсыз тікұшақтарының алғашқы партиясы

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 29 қараша
Шаньдунның Вэйхай қаласында Қытайдың теңіздегі ұшқышсыз тікұшақтарының алғашқы партиясы

29 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін Қытайдың теңіз ұшқышсыз тікұшақтарының бірінші партиясы Шаньдун өлкесінің Вэйхай қаласында тіркелді. Бұл судағы көлік қозғалысын динамикалық басқару мүмкіндіктерін және кемелердің қауіпті апаттарына шұғыл ден қою деңгейін тиімді арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл жолы әрқайсысының ұзындығы 7,33 метр, ені 1,58 метр, биіктігі 2,43 метр, жүк көтергіштігі 75 кг, қашықтан басқарудың максималды шамасы 150 километр, максималды ұшу қашықтығы 400 километр және максималды ұшу жылдамдығы 150 км/сағ болатын екі ұшқышсыз тікұшақ тіркеуге алынды. Олар фотоэлектрлік модульдер, әуе кемелерін автоматты сәйкестендіру жүйесі, шұғыл лақтыру және бағыттамалы дыбыс ұлғайту жүйесі сияқты озық құралдармен жабдықталған. Инфрақызыл термиялық бейнелеу, нақты уақыт режимінде ұзақ қашықтыққа бейне сигнал (дабыл) беру және қажетті заттарды жеткізу сияқты көптеген мүмкіндіктерді жүзеге асыра алады. Сондай-ақ 8 балдан төмен желді ауарайында тапсырмаларды орындауға мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта бұл Қытайдың теңіз жүйесінде қолданылатын ең жетілдірілген ұшқышсыз тікұшақ.

Ұшқышсыз тікұшақ арқылы бақыланатын Шаньдун өлкесінің Чэншаньтоу сулары - кемелердің Бохай теңізі мен Солтүстік Сары теңіз порттарына кіріп-шығатын бірден бір торабы. Бұл су жолы арқылы жыл сайын шамамен 110 000 сауда кемесі өтеді және жыл сайын ондаған мың балық аулау қайықтары жұмыс істейді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото