Бейжіңде «Қазақстанның мәдениет күніне» арналған концерт қойылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 30 қараша
Бейжіңде «Қазақстанның мәдениет күніне» арналған концерт қойылды

30 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 28 қараша күні кешке Қытайдағы «Қазақстанның мәдениет күні» аясында ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігі ҚХР Мәдениет және туризм министрлігімен бірлесіп, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Бейжің қаласындағы Қытайдың ұлттық орындаушылық өнер орталығында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымының концертін ұйымдастырды.

Салтанатты кешке Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев, ҚХР Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Жао Цюань және Қытайдың мемлекеттік үлкен театрының директоры Ван Нин сөз сөйлеп, Қытай мен Қазақстан достығының баянды болуына тілектерін білдірді. Көрермен санатында ШЫҰ Бас хатшысы, Бейжің қаласында аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшылар, Қытайдың іскер топтары өкілдері қатарлы лауазымды тұлғалар қатысты.

Фото:Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото