Чунцин: Шэньси мен Чунциндегі алғашқы тікелей магистраль болып табылатын Ужэнь тас жолы ресми түрде ашылды (2)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 5 желтоқсан
Чунцин: Шэньси мен Чунциндегі алғашқы тікелей магистраль болып табылатын Ужэнь тас жолы ресми түрде ашылды

5 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылдың 4 желтоқсанында Чунцинның Усиінен Шэньсидің Чжэньпиніне дейінгі Ужэнь тас жолы ресми түрде аяқталып, көлік қозғалысы үшін ашылды. Бұл Шэньси мен Чунциндегі екі өңір арасында ашылған бірінші тікелей автомобиль қатынасы. Жалпы ұзындығы 48,7 шақырым болатын Ужэнь тас жолы Шэньси өлкесінің Чжэньпин ауданы мен Чунцин қаласының Уси ауданын байланыстырады. Көлік қозғалысы ашылғаннан кейін Чжэньпиннен Усиге қатынау 3,5 сағаттан 1 сағатқа дейін қысқарады. Ал Сианьнан Чунциннің Янцзы өзені портына дейінгі жедел жол 450 шақырым болады. Осылайша Шэньси өлкесіндегі өзенге және теңізге шығатын ең ыңғайлы және жылдам бағыт қалыптасты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото