Ғалымдар шамамен 130 миллион жыл бұрынғы масаларды тапты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 6 желтоқсан
Ғалымдар шамамен 130 миллион жыл бұрынғы масаларды тапты

6 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Ғылым академиясының Нанкин Геология және палеонтология институтының мәліметі бойынша, Қытай, Ливан, Франция және Америка Құрама Штаттарының палеонтологтары Ливан кәріптасынан шамамен 130 миллион жыл бұрынғы екі ежелгі еркек масаның қалдығын тапты. Бұл қазіргі кезде масалардың ең ертедегі қазбасы болып отыр.

Қазбаға байланысты жаңа тұжырым масалар тұқымдасы эволюциясының алғашқы кезеңдерінде еркек масалардың да қансорғыш болғанын дәлелдеді. Сонымен бірге ертедегі жәндіктердің қансорғыш әрекеті біз ойлағаннан да күрделі екені анықталды.

Зерттеу нәтижесі 4 желтоқсанда «Қазіргі биология» халықаралық академиялық журналында жарияланды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото