Шетелдік тілшілер Шыңжаңның Алтай аймағына барды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 7 желтоқсан
Шетелдік тілшілер Шыңжаңның Алтай аймағына барды

7 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 5 желтоқсанда Орталық Азия мен Ресей елдерінен келген журналистер тобы Қытайдың Шыңжаңындағы Алтай қаласы Генарал тауы халықаралық тау шаңғысы курортына және көшедегі асыл тастарды бояу студиясына барды. Олар сондай-ақ Алтайдың табиғи пейзаждары мен мәдени ерекшеліктері туралы білу үшін, Қар мекені тұрғындар районында домбырадан күй тыңдады. БАҚ делегациясы мүшелерінің Алтай аймағы қар-мұздың көркем мекені ғана емес, мәдениеттің мәйегі тереңде жатқан жер екеніне көздері жетті. Олар бұл аймақ бір емес, бірнеше рет келуге болатын туристік мекен деген бекімге келді.

БАҚ делегациясы ондаған шаңғы трассалары, тамаша инфрақұрылымы және озық шаңғы жабдықтары бар Генарал тауы Халықаралық тау шаңғысы курортына барды.

БАҚ делегациясының мүшелері шаңғы тебуден ләззат алумен қатар, тері шаңғы өнер тобының қойылымын тамашалады. Қазақстанның «Бүгінгі Жібек жолы» газетінің орыс бөлімінің редакторы Равиль Будуков: «Тері шаңғымен сырғанау — бұл спорт қана емес, мәдени мұра. Команда мүшелерінің тері костюмдері мен шаңғы тебу дағдылары олардың осы спорт түріне деген сүйіспеншілігі мен құрметін көрсетеді», - деді.

Өзбекстан мемлекеттік телеарнасының тілшісі Рахматола Кудуратова Алтайдың қар-мұз ресурстары мен туристік индустриясының өзіне ерекше әсер еткенін, еліне қайтқаннан кейін Шыңжаңдағы қар-мұз туризмі бағыттарын әріптестері мен достарына ұсынуды жоспарлағанын айтты.

БАҚ делегациясы сонымен қатар Алтай қаласындағы Шәшу көшесі Қар мекені тұрғындар районына барып, домбырадан төгілген күйді тыңдады. Тілшілер күй ырғағына ілесіп бұрала биге басты.

Қырғызстанның Хабар Ұлттық ақпарат агенттігі Халықаралық бөлімінің директоры Нұржан Қасмалиеваның айтуынша, ол домбырамен ән айтуға қатты қызығады. Еліне барған соң осындай Қытай фольклор музыка өнерін жұртшылыққа таныстырмақшы.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото