Бейжіңде қоқыстарды жағу арқылы электр энергиясын өндіретін ең ірі жоба толығымен таныстырылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 7 желтоқсан
Бейжіңде қоқыстарды жағу арқылы электр энергиясын өндіретін ең ірі жоба толығымен таныстырылды

7 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжіңдегі ең ірі қоқыстарды жағу арқылы электр өндіретін Beijing Anding Circular Economy Park жобасы таныстырылды, ол жақын арада іске қосылады.

Beijing Urban Construction Group жобасының жетекшісі Чжао Цян жобаның жалпы даму аумағы шамамен 147 000 шаршы метрді құрайтынын, жеті негізгі сектор барын хабарлады. Олардың ішінде негізгі тұрмыстық қалдықтарды жағу зауыты күніне 5100 тонна қоқысты өңдеп, жылына 600 миллион кВт/сағ электр энергиясын өндіре алады, бұл 250 000 қарапайым отбасының жылдық электр энергиясын тұтынуына тең.

Қазіргі уақытта Бейжіңдегі жергілікті қоқыстардың 40%-ы әлі күнге санитарлық полигон әдісін қолданады, қоқыстарды жою қаланың дамуына кедергі келтіретін күрделі мәселеге айналды. Anding Circular Economy Park жобасы бұл жағдайды тиімді жақсартады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото