Сунтао, Гуйчжоу: Мяо жаңа жылы қарсы алынды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 11 желтоқсан
Сунтао, Гуйчжоу: Мяо жаңа жылы қарсы алынды

11 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылдың 9 желтоқсанында Гуйчжоу өлкесінің Тунжэнь қаласы Сунтао Мяо автономиялық ауданындағы Мяо бауырластар Чженда қалашығының Мяованчэн көркем ауылында жыл сайынғы Мяо Жаңа жыл мерекесін өткізді. Мерекеге Гуйчжоу өлкесінің Сунтао Мяо автономиялық ауданы, Хунань өлкесінің Фэнхуан ауданы, Чунцин қаласының Сюшань Туцзя-Мяо автономиялық ауданы және басқа да көптеген аймақтардан мяо бауырластар жиналды. Олар мерекелік костюмдер киіп, барабан соғып, би билеп, жаңа жылдық тағамдардан дәм татып, дәстүрлі әдет-ғұрыптармен мяо жаңа жылын думанды етіп өткізді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото