Қытай қазақтары мекендейтін Көктоғай өлкесінің негізгі табыс көзі — туризм

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 11 желтоқсан
Қытай қазақтары мекендейтін Көктоғай өлкесінің негізгі табыс көзі — туризм

Қытайдың Алтай аймағында жүрген Орталық Азия және Ресей журналистері Көктоғай ауданына барды, деп хабарлайды Kazinform.

Көктоғай Үрімжі қаласынан 480 шақырым қашықтықта орналасқан. ҚХР-ның ең суық, ызғарлы аудандарының бірі.

Халық саны — 100 мыңға жуық. Оның басым бөлігі — қазақтар. Соңғы жылдары өңірде кәсіпкерлік пен туризм саласы қарқынды дамып келеді. 

Жергілікті тұрғындар кәсіп ашуға машықтанған. Бірі қолөнер цехын ашса, енді бірі ірі кәсіпорындарды іске қосқан.  Жергілікті тұрғындар 100 пайыз жұмыспен қамтылған. Өңірдің негізгі табыс көзі — туризм. Көктоғайда өзімен аттас танымал тау шаңғы курорты бар.  Жолдары әлемдегі ең күрделі трассалар қатарында. Теңіз деңгейінен 3200 метр биікте орналасқан. Қардың қалыңдығы 3-4 метрге дейін жетеді.  Онда ұзындығы 121 шақырым болатын 80 сырғанау жолы бар. Туристер жоғарыға аспалы жол арқылы жетеді.

Сапар барысында БАҚ өкілдері шаңғы теуіп, сноубордпен сырғанады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото