Шыңжаңның еркін сауда аймағындағы протез өндірушілерінің тапсырыстары халықаралық нарыққа экспортталады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 11 желтоқсан
Шыңжаңның еркін сауда аймағындағы протез өндірушілерінің тапсырыстары халықаралық нарыққа экспортталады

11 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- «Бұл науқастың ауыз қуысын сканерлеу деректері кеше Астанадағы (Қазақстан) жергілікті ауруханадан жіберілді. Бүгін біз алынған мәліметтер негізінде тістерді қалпына келтіреміз, дайын болған соң ертең Астанаға жіберіледі». 6 желтоқсанда Үрімжі Linghang chuangpin Dental Technology компаниясында дизайнер Чу Яфан шетелдік тапсырыстарды жіберумен қарбаласып жатыр.

Шыңжаңның еркін сауда пилоттық аймағының Үрімжі бөлімшесіндегі жоғары технологиялық функционалдық кварталында орналасқан Үрімжі Linghang chuangpin Dental Technology компаниясы тіс протездерін жасауға арналған отандық озық интеллектуалды жабдықтар мен технологияларға ие. Ол қазіргі уақытта Шыңжаңдағы ең ірі протез өндірушісі. Биыл компанияның стоматологиялық цифрландыру жүйесі Шыңжаңдағы 60-тан астам стоматологиялық ауруханаға (клиникаларға) қосылды, сондай-ақ Қазақстанда, Біріккен Араб Әмірліктерінде және басқа елдерде орналасып, Орталық Азия мен Таяу Шығыс нарықтарына есік ашты.

«Еркін сауда пилоттық аймағы құрылғаннан бері сыртқы сауда логистикасы ыңғайлы және жылдам бола түсті, Шыңжаңның географиялық артықшылықтары барған сайын байқала бастады. Қазір 3-5 күн ішінде қазақстандық клиенттер тапсырыс берілген тіс протездерін ала алады. Өткен айда компания Дубайда кеңсе ашып, 20-дан астам стоматологиялық клиниканы қосты. Бір айдан аз уақыт ішінде біз жүздеген сыртқы сауда тапсырысын алдық. Экспорт көлемі көп болмағанымен, өнімнен түсетін пайда айтарлықтай», - деді Үрімжі Linghang Chuangpin Dental Technology компаниясының бас директоры Чжун Шифэн.

Шыңжаңда еркін сауда пилоттық аймағын салу мүмкіндігін пайдаланып, шетелдік нарықтарды игеруге көп күш жұмсаған Чжун Шифэн өз ісіне сеніммен қарайды. Ол қараша айының соңында нарықты зерттеу үшін Шыңжаң медициналық жабдықтар өндірушілерінің қауымдастығымен бірге Қазақстанға барғанын және Орталық Азиядағы стоматология саласы үлкен әлеуетке ие нарық екенін айтты. Қытай - әлемдегі протездердің негізгі өндірістік базасы. Компания Қытайдағы Шэньчжэнь мен Шанхайдағы ең озық техникалық персоналдың қолдауына ие. Шыңжаңда орналасқан компания интернеттің цифрлық технологияларын қолдана отырып, Ресей, Орталық Азия, Батыс Азия және тіпті Таяу Шығыс нарықтарын кеңейте алады.

«Биыл компанияның даму жағдайы өте жақсы, жылдық өндіріс 30 миллион юаньнан асады деп күтіліп отыр», -деді Чжун Шифэн. Қазіргі уақытта компанияда 80-ге жуық қызметкер жұмыс істейді, келесі жылы штатты 160-қа дейін кеңейтуді жоспарлап отыр, өндіріс цехы да кеңейеді. Келесі жылы компания Ресей, Орталық Азиядағы бес ел мен Таяу Шығыстағы елдердің нарықтарын игеруге назар аударады және бірқатар кеңсені қосады. Сыртқы сауда экспортының жылдық көлемін 2 миллион АҚШ долларынан асырады.

Үрімжі (Жаңа қала аумағы) Индустриалды парк кеңсесі директорының орынбасары Нань Хунцяо Шыңжаңдағы биомедицина және медициналық жабдықтар компанияларының 70%-ы индустриалды паркте шоғырланғанын айтты. Өнім туралы ақпарат пен компанияның талаптарына сәйкес, индустриалды парк көрмелер сияқты әртүрлі сыртқы арналар арқылы өз өнімдерінің халықаралық нарыққа тезірек шығуына көмектесуде.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото