Қазақстан мен Қытай жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 12 желтоқсан
Қазақстан мен Қытай жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

ҚазҰУ-да Қытайдың 44 университеті білім бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қытай университеттерінің көрмесі өтті. Шараны ҚазҰУ мен ҚХР стипендиялық кеңесі және Алматы қаласындағы ҚХР бас консулдығы ұйымдастырды.

Көрмеде Қытайдың 45-ке жуық ең үздік университеті академиялық қызметі туралы ақпарат беріп, ғылыми жетістіктерімен бөлісті. Сондай-ақ білім алушы жастарға халықаралық бағдарламалар арқылы оқуға түсу мүмкіндіктерін таныстырып, қабылдау ережелерін түсіндірді.

Көрменің ашылуына ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ҚР ғылым және жоғары білім Вице-министрі Дархан Ахмет-Заки, Қытай стипендиялық кеңесі Бас хатшысының орынбасары Тьян Лулу, ҚХР-дың Алматыдағы бас консулы Цзян Вей, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, ҚазҰУ Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми сынды лауазымды тұлғалар қатысып сөз сөйледі. Сонымен бірге іс-шараға Қытай және Қазақстан ЖОО-ларының басшылары мен білім алушы жастар қатысты.

Жиын соңында қатысушылар көрмені аралап, Қытай мен Қазақстан делегациясы шағын құрамда келіссөз жүргізді. Тараптар серіктестікті нығайтуға, білім мен ғылым саласындағы байланыстарды тереңдетуге баса мән бере отырып, екі ел университеттері арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын жан-жақты талқылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото