Цзиньта, Ганьсу: Гоби шөлінде фотоэлектрлік энергия жобасын салу жеделдетілді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 14 желтоқсан
Цзиньта, Ганьсу: Гоби шөлінде фотоэлектрлік энергия жобасын салу жеделдетілді

14 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылғы 12 желтоқсанда Ганьсу өлкесі Цзюцюань қаласының Цзиньта ауданындағы Цзиньта Хуэйшэн жаңа энергетика компаниясының 500 мегаватт фотоэлектрлік энергия жобасының құрылыс алаңында, жұмысшылар фотоэлектрлік кронштейндер мен панельдерін орнату жұмысын қауырт және жүйелі жүргізіп жатыр.

Ақпараттарға сәйкес, Цзиньта Хуэйшэн 500 мегаватт фотоэлектрлік энергия жобасы - «Шагехуан» жел және күн жаңа энергетикалық базасын салудың алғашқы жобаларының бірі. Құрылыс алаңы шамамен 1000 гектар, жоспарланған инвестицияның жалпы көлемі шамамен 2,8 миллиард юань. Жоба аяқталғаннан кейін электр энергиясын өндірудің орташа жылдық уақыты 1473 сағатқа жетеді, желіге жыл сайын сағатына орташа есеппен 920 миллион киловатт электр энергиясын қосады, жылына шамамен 283 600 тонна стандартты көмірді үнемдеуге болады, ал электр энергиясын өндіруден түскен жылдық табыс 280 миллион юань болады. Осылайша тамаша экономикалық, экологиялық және әлеуметтік артықшылықтарды көрсетеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото