Ең ірі Солтүстік-шығыс жолбарыс өсіру базасын тамашалаңыз

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 15 желтоқсан
Ең ірі Солтүстік-шығыс жолбарыс өсіру базасын тамашалаңыз

15 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Хэйлунцзян өлкесі Харбинь қаласында орналасқан Қытай Хэндао хэзэ мысық тектес жануарларды өсіру орталығы - қазіргі уақытта әлемдегі ең ірі қолда бағылатын солтүстік-шығыс жолбарыстарын өсіру базасы.

Биыл базада 63-інші жолбарыстың күшігі туылып, олардың өмір сүру деңгейі 86% болды.

Қазіргі уақытта өсіру орталығы құрған жабайы жаттығу алаңы 40 000 шаршы метр. Саябақтағы қоршаған ортаны байырғы орман келбетіне жақын етіп жасалған, ал солтүстік-шығыс жолбарыстары табиғатқа жақын жабайы жаттығу ортасында үйретілген.

Соңғы жылдары Хэйлунцзян өлкесі солтүстік-шығыс жолбарыстары мен барыстары сияқты жабайы табиғатты қорғау үшін бірқатар табиғи қорықты оңшап, салды. Табиғи ормандар мен сазды жерлерді қорғау жобаларын жан-жақты жүзеге асырды, солтүстік-шығыс жолбарыстары мен барыстарының жорту және таралу дәліздерін жөндеді және олар мекендейтін жерлер экологиялық дәліздердің ортасын жақсартты. Жабайы табиғат ресурстарын бұзатын барлық заңсыз және қылмыстық әрекетпен күресіп, солтүстік-шығыс жолбарыстары мен барыстары сияқты сирек және жойылып бара жатқан жабайы жануарлардың тобы тиімді қорғалды және қалпына келтірілді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото