Юньнань өлкесі Вудзяншань тауындағы шие гүлі алқабының қысқы көрінісі

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 18 желтоқсан
Юньнань өлкесі Вудзяншань тауындағы шие гүлі алқабының қысқы көрінісі

18 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Желтоқсанның ортасында Қытайдың солтүстігі қар-мұзбен құрсанып жатыр. Алайда Юньнань өлкесінің Дали Бай автономды облысындағы Умуаньшань шие гүлі алқабында көктем лебі еседі. Қыстың шуақты күнінде шай атыздары жасыл желек жамылып, онда отырғызылған шие гүлдері қауыз жара бастады. Қызғылт гүлдер әр бұтақта қауашақ ашып, көздің жауын алды.

Ақпараттарға сәйкес, Умуаньшань шие гүлі алқабында мыңдаған гектар шай атызы бар. Олардың арасына он мың түптен астам шие гүлі ағашы да отырғызылған. Әр жылдың осы мезгілінде шие гүлдері қауашақ ашып, елдің түкпір-түкпірінен саяхатшылардың келуіне ықпал етеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото