Ішкі Моңғұлдың Хулуньбуир сахарасында қар-мұз Надам мерекесі ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 18 желтоқсан
Ішкі Моңғұлдың Хулуньбуир сахарасында қар-мұз Надам мерекесі ашылды

18 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылдың 17 желтоқсанында Ішкі Моңғұлдың Хулуньбуир қаласы Чэньбархудағы көрікті аумақта Ішкі Моңғұлдың 20-сыншы қар-мұз Надам мерекесі басталды. Бұл жолғы қар-мұз Надамы «14-інші Ұлттық қысқы ойындарын шаттықпен қарсы алайық· Надаммен кездесейік» тақырыбымен ашылды. Фестивал бір айға созылады. Мереке қарлы алқаптағы моңғұл тұлпарларының бәйгесі, мотоцикл жарысы, «ер жігіттің үш өнері» сияқты ойын түрлері мен іс-шаралар арқылы елдің іші-сыртындағы туристерді Хулуньбуир сахарасының сұлулығын сезінуге шақырады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото