Хайнань аралының айналма туристік магистралі көлік қозғалысына ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 19 желтоқсан
Хайнань аралының айналма туристік магистралі көлік қозғалысына ашылды

19 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылдың 18 желтоқсанында Хайнанның бүкіл айналма туристік магистралі ресми түрде трафикке ашылды.

Бұл - Хайнань еркін сауда портын салу және халықаралық туристік тұтыну орталығын құру бойынша пилоттық ірі инфрақұрылымдық жоба. Жоба магистралінің жалпы ұзындығы 988 шақырым, оның ішінде 453 шақырым жаңа құрылыс және қайта құру учаскелері, 535 шақырым кәдеге жарату учаскелері, 90 шақырымдық жаңа жасалған және қайта жөнделген байланыстырушы сызықтар, тармақ жолдар және балықсүйек сызықтары бар. Ол Хайкоу, Вэньчан, Цюнхай сияқты 12 жағалаудағы қалалар мен аудандар арқылы өтеді. Осылайша, жедел теміржол желісі, жоғары жылдамдықты тасжол және ұлттық жолдарды органикалық ұштастыратын байланыс желісі арқылы «жылдам жетіп, асықпай аралайтын» көлік жүйесін құрды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото