Жер сілкінісінің салдарын жою бойынша жұмыстар толық жүргізіліп жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 19 желтоқсан
Жер сілкінісінің салдарын жою бойынша жұмыстар толық жүргізіліп жатыр

19 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 18 желтоқсан күні сағат 23:59-да Ганьсу өлкесі Линься облысының Цзишишань ауданында 6,2 балдық жер сілкінісі болды.

Қазіргі уақытта Ганьсу мен Цинхай өлкелері апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін атқарып жатыр. Апат аймақтарына шұғыл көмек көрсету мақсатында шатырлар, жиналмалы кереуеттер, жамылғылар және басқа материалдар жедел жеткізілуде. Қазіргі уақытта жер сілкінісінің салдарын жою бойынша әр тарапты жұмыстар қарқынды және уақытылы жүргізілуде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото