Чунцин Юянда оқушыларға арналған қайық пайдалануға берілді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 21 желтоқсан
Чунцин Юянда оқушыларға арналған қайық пайдалануға берілді

21 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылдың 19 желтоқсанында Чунцин қаласы Юян Туцзя мен Миао автономиялық ауданы Юшуйхэ ауылында балаларды мектепке жеткізетін қайық қатынай бастады.

Қайық пайдалануға берілгенге дейін Чунцин қаласы Юян Туцзя және Миао автономиялық ауданы Юшуйхэ ауылындағы орталық бастауыш мектебінде оқитын Хэвань елді мекеніндегі 40-тан астам бала жеке қайықтарымен қатынайтын. Бұл өте қауіпті еді. Юян ауданы жергілікті туристерге арналған қайықтан бір қайық шығарып, оған маман жүргізуіші мен қауіпсіздік қызметкерлерін орналастырды. Олар Хэвань елді мекеніндегі өзеннің шығыс пен батыс - екі жағалауында тұратын оқушыларды күн сайын таңертең сағат 6-да мектепке апарады. Түстен кейін сағат 4:30-да сабақ аяқталғанда, оқушыларды аман-есен үйіне жеткізеді. Осылайша балалардың мектепке бару мәселесі толығымен шешімін тапты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото