Шыңжаңдағы жаңа ауылшаруашылық технологиясы

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 21 желтоқсан

21 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң ауылшаруашылық көрме паркінің болашақ ауылшаруашылық ғылымы мен техникасы павильоны Шыңжаңдағы Санжы жоғары ауылшаруашылық технологияларының Ұлттық демонстрациялық аймағында орналасқан. Ол үш бөліктен тұрады: ауылшаруашылық өнімдерінің вертикалды көрме аймағы, жапырақты көкөніс фабрикасының демонстрациялық аймағы және жеміс-көкөніс фабрикасының демонстрациялық аймағы. Ол 2022 жылы салынып, пайдалануға берілді. Мұнда заттар интернеті ортасын автоматты басқаруды сумен және тыңайтқышпен дәл қамтамасыз ету сияқты технологияларымен біріктіреді. Сол арқылы әртүрлі көкөністерді өсіру кезінде автоматтандырудың жоғары деңгейін жүзеге асырады.

Соңғы жылдары Санжы Хуй автономды облысы интеллектуалды ауыл шаруашылығын қарқынды дамытып, тиімді демонстрациялық ауылшаруашылық жобаларын белсенді түрде енгізіп жатыр, сонымен бірге заманауи ауыл шаруашылығын дамыту үшін жаңа технологияларды толық пайдаланып, тиімді егін егуге және дақылдардың өнімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етіп жатыр.

Қызметкер автоматты жұмысты бақылап тұр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото