- Барлық ақпарат
Кристалданған динозавр жұмыртқаларының қалдықтары алғаш рет Хубей өлкесінен табылды
22 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 20 желтоқсанда тілшінің әлемдегі ең үлкен динозавр жұмыртқасы тобының қазба қалдықтарын анықтау орны-Хубэй өлкесіндегі Цинлуншань ұлттық табиғи қорығынан алған мәліметіне сәйкес, біріккен зерттеу тобы қалдықтар жұртының №1 залында динозавр жұмыртқасының қалдықтарын жөндеу және өңдеу барысында 31 жұмыртқаның ұясынан 3 кристалданған динозавр жұмыртқасының қалдықтарын тауып алған.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, бұл 3 кристалданған динозавр жұмыртқасының қалдықтары салыстырмалы түрде жақсы сақталған, олар жалпақ және дөңгелек пішінді, ал мөлшері кәдімгі динозавр жұмыртқасының үлкендігімен бірдей. Олар және олардың айналасындағы 28 кристалданбаған динозавр жұмыртқасының қалдықтары бір деңгейде орналасқан 31 жұмыртқаның ұясын құрайды. Толық кристалды тұлға бетінде 3 ерекше динозавр жұмыртқасы қазбалары «жылтылдайды».
people.cn © People's Daily Online