Ганьсудағы жер сілкінісінен зардап шеккен жерлердегі бастауыш және орта мектептерде сабақ басталды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 26 желтоқсан
Ганьсудағы жер сілкінісінен зардап шеккен жерлердегі бастауыш және орта мектептерде сабақ басталды

26 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 25 желтоқсанда Ганьсу өлкесі Цзишишаньдағы жер сілкінісінен зардап шеккен жерлердегі бастауыш және орта мектептер сабақтарын қайта бастады. Цзишишань ауданының білім беру бюросының мәліметі бойынша, пайдалануға болады деп танылған 244 мектептің оқушылары 25-29 желтоқсан аралығында мектепке іркес-тіркес оралады. Оқуды бастауға шарт-жағдайы жоқ мектептердің мұғалімдері оқытуды мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіру үшін елді мекендерге барып, оқушыларға сабақ пысықтап береді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото