Пуань, Гуйчжоу: «Гуйчжоу көк шайының» жаңа жылдағы алғашқы терімі басталды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 3 қаңтар
Пуань, Гуйчжоу: «Гуйчжоу көк шайының» жаңа жылдағы алғашқы терімі басталды

3 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 1 қаңтарда Гуйчжоудың Пуань ауданында «Ұлттық таңертеңгі шай» конференциясы және 2024 жылғы «Гуйчжоу көк шайының» алғашқы терімі өтті. Этникалық киімдерін киген шай фермерлері жап-жасыл шай атызында шай жинады.

Мәліметтерге сәйкес, Пуань ауданындағы шай өндірісінің негізгі аумағы шай өндірісі үшін орташа биік, төмен ендік, бұлтты ауа райы және экологиялық тазалық тұрғысынан типтік аймақ саналады. Бұл шай аумағында жасыл шай жинау елдің басқа бөліктеріне қарағанда шамамен 20 күн бұрын басталады, яғни ол - елдегі ең ерте шай жинайтын аумақ. 2022 жылдан бастап Гуйчжоу өлкесі Пуань ауданының «шай әулиесі» алқабы «Гуйчжоу көк шайының алғашқы жинау орны» болып бекітілді, мұнда Гуйчжоу көк шайының алғашқы жинау іс-шарасы жыл сайын 1 қаңтарда өтеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото