Айдаһар жылына арналған жаңа өнімдерге сұраныс көп

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 4 қаңтар
Айдаһар жылына арналған жаңа өнімдерге сұраныс көп

4 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлу жылы Қытайда Айдаһар жылы деп аталып, қытайлықтар арасында құтты жыл саналады. Айдаһар жылының көктемгі фестивалі жақындаған сайын, кәсіпорындар мен брендтер Айдаһар жылына арналған жаңа өнімдерді шығарады, ал тұтынушылар «Таолунцайға» ынталы.

Түпнұсқа қолөнер бұйымдарының интернет-сатушысының айтуынша, дүкендегі айдаһар жылына арналған өнімдер сұранысты қанағаттандыра алмай жатыр. Барлық бұйым қолмен жасалатындықтан, шеберлер үстеме жұмыс істеу арқылы өнімді молайтып, жылдың ең қарбалас мезгілін қарсы алуға дайындалып жатыр.

Қазір инновациялық дәстүрлі қолөнер бұйымдары ғана емес, сонымен қатар Айдаһар элементіне қатысты басқа да тауарлар желі пайдаланушылары арасында сұранысқа ие. Taobao қосымшасында «мәдени және креативті айдаһар 2024» іздеу тізімі бойынша бірінші орында тұр.

Сонымен қатар Гугунның Taobao дүкені Айдаһар жылына арналған 60-тан астам жаңа тауар қосты, олардың арасында «Гугун сый құтысына» сұраныс жоғары, қазірге дейін 100 000 тапсырыс қабылдады. Дүкенге жауапты қызметкер Көктем фестивалінде сауда-саттық жоғары болатынын жеткізді. «Қытай жаңа жылына арналған сый қорабы, жұмыс үстелі күнтізбесі, жай күнтізбе сияқты тауарлар алармандардың сұранысына жетпей жатыр», - деді ол.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото