Бүкіл әлемде жойылып кету қаупі төнген Шығыс ақ Лейлек түрі Чжэцзянда пайда болды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 5 қаңтар
Бүкіл әлемде жойылып кету қаупі төнген Шығыс ақ Лейлек түрі Чжэцзянда пайда болды

5 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында бүкіл әлемде жойылып кету қаупі төнген және мемлекеттік бірінші деңгейдегі қорғалатын Шығыс ақ Лейлек Чжэцзян провинциясының Вэньчжоу қаласындағы Лунган жағалауының сулы-батпақты жерлерінде пайда болды және оңтүстікке қарай қыстауға көшті.

Шығыс ақ Лейлек Лейлек тұқымдасына жататын ірі саз құсы. Оның әдемі тұрқы және ұзын тұмсығы бар. Қазіргі уақытта ол бүкіл әлемде жойылып кету қаупі бар және сирек кездесетін жыл құсы саналады. Қыста ол Шығыс және Оңтүстік Қытайға қоныс аударады, негізінен Поян көліне, Цзянсиге, Янчжоуға, Цзянсуға және басқа жерлерге қоныстанады,, ал Чжэцзянға сирек қыстайды, ұсақ балықтармен, бақалармен, жәндіктермен қоректенеді.

Әр күзде және қыста Лунганның сулы-батпақты жерлерін көптеген жыл құстары мекен етеді. Соңғы жылдары Лунган қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру және сулы-батпақты жерлердің тіршілік ортасын оңтайландыруды күшейтті. Биоалуантүрлілік ресурстарды молайта отырып, жыл құстары үшін қауіпсіз және сенімді тіршілік ету ортасын қамтамасыз етті. Бұрын мұнда сирек қонатын ақ бас тырна, қызыл төс қара қаз секілді құстар да Лунган жағалауындағы сулы-батпақты жерлерде молая бастады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото