Ляньюньганнан жаңа жылдағы алғашқы Қытай-Еуропа пойызы аттанды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 5 қаңтар
Ляньюньганнан жаңа жылдағы алғашқы Қытай-Еуропа пойызы аттанды

4 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 1 қаңтарда X9014 Ляньюньган Қытай-Еуропа пойызы Қытай-Қазақстан логистикалық ынтымақтастық базасынан (Ляньюньган) аттанды. Сол күні X9014 Ляньюньган Қытай-Еуропа пойызы автомобиль бөлшектерін, тұрмыстық техниканы, машиналар және жабдықтарды толтыра тиеп, Қытай-Қазақстан логистикалық ынтымақтастық базасынан (Ляньюньган) шығып, Қорғас арқылы Орталық Азияға аттанды. Бұл Азия-Еуропа жаңа құрлық көпірінің Шығыс жағындағы бастапқы нүктесі саналатын Ляньюньганның 2024 жылғы алғашқы Қытай-Еуропа пойызын аттандыруы. 2023 жылы Ляньюньган Қытай-Еуропа пойызының 806-сы жөнелтіліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,7% - ға өскен еді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото