- Барлық ақпарат
Шыңжаңның Моңғұлкүре ауданы: қарлы даладағы түмен жылқылар тулаған көрініс
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 8 қаңтар
8 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шыңжаңдағы Іле Қазақ автономиялық облысы Моңғұлкүре ауданының қарлы даласында түмен жылқылар тулаған керемет көрініс қалыптасты. Он мыңдаған жылқы жүйткіп, тұлпарлар тұяғынан ұшқан қар қайта жауып, көркем көрініс орнады. Моңғұлкүре ауданында ат бәйгесінің ұзақ тарихы бар. Біраз уақыттан бері бұл аудан ат бәйгесі мен ат үсті өнеріне қатысты іс-шараларды жиі өткізіп келеді. Ал қыс мезгіліндегі қарлы далада жылқыға қасат қарды кештіру - туристер ұнататын қызықты ойын түрінің бірі.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online