Харбин жанды жылытатын қызметтерімен туристерді әсерлендірді (5)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 9 қаңтар
Харбин жанды жылытатын қызметтерімен туристерді әсерлендірді

9 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 5 қаңтар күні Қытай Харбинінде 40-ыншы халықаралық қар-мұз фестивалі өтті. Қар-мұз әлемінің үстінде жарқыраған отшашулар самырап, қала үмітке толы жарықтарға шомылды. Харбин осы қыста ең танымал туристік қала ретінде оның танымалдығы тек әлеуметтік желідегі қызу пікірталастарда ғана емес, сонымен қатар цифрлардан да көрінеді. Жаңа жылдық демалыстың үш күнінде Харбин 3 миллионнан астам шетелдік туристі қабылдады, ал туризмнен түскен табыс 5,9 миллиард доллардан асты, бұл Қытайдың оңтүстігіндегі Санья қаласынан бес есе көп. Ctrip деректері сонымен қатар жаңа жыл күні Харбиндегі тапсырыстардың танымалдығы елде үшінші орында тұрғанын көрсетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі тоғызыншы орыннан жоғары.

«Жыл басындағы табыс» кездейсоқ емес. Жаңа жыл қарсаңында қаланың жылы қонақжайлылығы жоғары дәрежеге ие болды. Жаңа жылдан кейін Харбиннің сырттан келген туристердің тұрмыс тәсіліне мән беріп, жергілікті тұрғындарды таң қалдыратын әртүрлі қырлары күн өткен сайын артып келеді.

Әуежайда оркестр туристерді қарсы алып, өнерлерін көрсетті. Орталық көшеде сирек кездесетін Эвэнькэлер бұғы жетектеп жүрген көрініс пайда болды. Орталық көшенің үлкен ағыны бар жерасты өткелі сырғанаудың алдын алу үшін туристерге арналған кілемдер төселген. София алаңы көрініс аумағында тұрақты температурасы 25 Цельсий градус болатын төрт жылы туристік станция туристер үшін тегін салынып, ашылды.

Мұздатылған алмұрт - Харбиннің ерекше тағамы. Бұл алмұрт Қытайдың оңтүстік жағында көп кездеспейді, әрі көптеген сырт жерлік турист ұнатып жейді. Оңтүстік туристердің әдеттерін қанағаттандыру үшін кейбір мейрамханалар мұздатылған алмұрттарды мұқият кесіп, табаққа салып, қызмет етеді. Осылайша Харбин туристерге өзінің шынайылығын көрсетуге тырысып жатыр. Харбин тұрғындары да қарап тұрмай, жеке көліктері бар тұрғындар туристерді қонақүйге тегін апарып жүрді.

Харбин қалалық мәдениет, радио, теледидар және туризм бюросының директоры Ван Хунсинь шынайылық Харбин қаласының басты үні екенін атап өтті. Енді бұл шынайылық бүкіл ел бойынша желі пайдаланушыларын әсерлендірді және Харбиннің туристерге деген қонақжайлылығына жауап ретінде бүкіл елде өзара оң әрекеттер мен алмасулар қалыптасты.

Шын мәнінде, Харбин әрқашан туристік тәжірибе сезіміне үлкен мән берді. Қар-мұз маусымы басталмас бұрын, Харбин қоғамның әр саласынан мәдени туризмді сынап көретін тұлғаларды шақырып, оларды көрініс аумағына, қонақ үйлерге, сауда орталықтарына апарып, қонақтардың тұрғысынан күтушінің қонақты қалай күткені туралы бағалар жинаған. Сол ұсыныстар бойынша өзгерістер енгізіп, кем жерлерін толықтырды.

«Қар-мұз - біздің ең үлкен ерекшелігіміз. Суық ресурстар мәдени туризмді интеграциялаудың ыстық экономикасына айналды, ол ресурстарды дамыту мен пайдалануға ғана емес, сонымен қатар көмекші қызметтердің сапасы мен модернизациясына сүйенеді», - деді Ван Хунсинь.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото