Ляньюньган, Цзянсу: Қытай-Еуропа пойыздарына тиеу-түсіру қарбалас жүріп жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 9 қаңтар
Ляньюньган, Цзянсу: Қытай-Еуропа пойыздарына тиеу-түсіру қарбалас жүріп жатыр

9 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Жаңа жылдың басында Цзянсу өлкесінің Ляньюньган қаласындағы Қытай-Еуропа пойыздарында тиеу-түсіру жұмыстары ретімен жүргізіліп жатыр. Жүк көліктері қойма алаңында сабылысып, жұмысшылар транзиттік контейнерлерді тиеу және түсіру үшін тәулік бойы жұмыс істейтін ірі техниканы кезек алмасып басқаруда. Осылайша, жылдың алғашқы айын мол кіріспен бастау үшін қарқынды жұмыс істеліп жатыр.

2023 жылы Қытай-Еуропа Ляньюньган пойызы барлығы 4,34 миллион тонна жүкті қоймаға түсірді және қоймадан шығарды, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 3,61% құрады; қойма алаңына кірген және шыққан бос ауыр контейнерлердің көлемі 243 000 стандартты жәшікті құрады, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 10%.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото