Гуйчжоудағы «Ауылдық премьер-лига» жаңа маусымын бастады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 11 қаңтар
Гуйчжоудағы «Ауылдық премьер-лига» жаңа маусымын бастады

11 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 6 қаңтарда Гуйчжоудың 2024 жылғы «Ауылдық премьер-лигасына» іріктеу жарысының ашылу салтанатында этникалық қойылымдар орындалды.

Сол күні Ронгцзян уезінде 62 ауыл командасы мен 1800-ден астам ойыншы қатысқан «Ауылдық премьер-лиганың» жаңа маусымы басталды.

Қытайдың ауылдық футбол премьер-лигасында ойыншылардан бастап төрешілерге дейін ауылдық жерлерде қоғамның барлық саласының өкілдері бар. «Ауылдық премьер-лига» сонымен қатар елдің түкпір-түкпірінен келген футбол жанкүйерлерін, сондай-ақ атақты адамдар мен шетелдік футбол жұлдыздарын тартады. «Ауылдық премьер-лига» этникалық ерекшеліктері мен шиеленісті бәсекелестік атмосферасына байланысты интернетте кеңінен танымал болып, 2023 жылы бүкіл желінің өзекті тақырыпқа айналған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото