Гугун «Тарих кездесуі - Қытай мен Батыс Азия арасындағы ежелгі өркениеттер алмасу көрмесін» ұйымдастырды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 12 қаңтар
Гугун «Тарих кездесуі - Қытай мен Батыс Азия арасындағы ежелгі өркениеттер алмасу көрмесін» ұйымдастырды

12 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- «Тарих кездесуі - Қытай мен Батыс Азия арасындағы ежелгі өркениеттер алмасу көрмесі» 12 қаңтар мен 11 сәуір аралығында Гугунның негізгі түскі қақпасының көрме залында өтеді. Көрме «Шығыс пен Батыстың көрінісі» және «Тоғысқан жолдар» атауымен екі блокқа бөлінген. Экспонаттар Гугун мұражайының коллекциясына негізделіп, Датун қалалық мұражайы, Ішкі Моңғолдың Мәдени жәдігерлер және археология институты, Наньюэ королі мұражайы, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионы мұражайы, Иран Ұлттық мұражайы сияқты 10 отандық және шетелдік археологиялық-мәдени мекемелердің өкілдік коллекциялары мен фотосуреттерін біріктіреді. Көрмеде барлығы 266 экспонат (топтық) бар. Олар Қытай мен Батыс Азияның ежелгі өркениеттерінің технология, өнер, мәдениет және ойлау тұрғысынан алмасуы мен өзара үйренуін көрсетеді. Көрме Ұлы Жібек жолындағы Қытай хикаятын баяндайды. Сондай-ақ Қытай өркениетінің инклюзивтілігі мен инновациясы сынды мәдени ерекшеліктерін әйгілейді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото