Шыңжаңның Алтай өңіріндегі қар көшкінінен жабылған жолдар ашылып жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 15 қаңтар

15 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шыңжаңның Алтай тауларындағы қалың қардың салдарынан Канас аумағына апаратын жолдың кейбір бөліктерін қар көшкіні мен қарлы боран жауып тастап, жолаушыларға кедергі келтірді. 13 қаңтарда автомобиль жолдары департаментінің ұзақ уақыттық қажырлы күш-жігерінен кейін 219 Ұлттық магистралі шұғыл түрде Канасқа қатынайтын батыс бағытты ашты.

Ақпаратқа сәйкес, жергілікті Жол басқармасы Буыршын ауданындағы Канас аумағына апаратын 232 өлкелік тас жолының K47 бөлігінде жаңа көшкін нүктесін байқаған. Қар тазалау тобы аумақты тазартуға жабал кірісуде. Қазіргі уақытта Канастың Қом ауылында әлі де 1000-нан астам туристер амалсыз аялдап тұр. Дегенмен олардың барлық қажеттіліктеріне толық кепілдік берілген. Қанас әкімшілігі 11 қаңтардан бастап жол ашылғанға дейін Қанас саяхат аумағында қалып қойған жолаушылар үшін тұру және тамақтану ақысыз болатындығы туралы хабарлама жариялады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото