Шыңжаңның Қанас көркем аумағының барлық өңір тұрғындары өзара қатынай алатын болды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 17 қаңтар
Шыңжаңның Қанас көркем аумағының барлық өңір тұрғындары өзара қатынай алатын болды

17 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қарды тазарту бойынша бірнеше күн жұмыс істегеннен кейін, Шыңжаңның Алтай аймағындағы Буыршын ауданы, Қом ауылынан аудан орталығына апаратын жолдың қармен бөгелген тұстары 16 қаңтар сағат 13:00-тен бастап ашылды. Қазіргі уақытта бұрын көшкіннен зардап шеккен Шыңжаң Қанас көркем аумағының барлық өңір тұрғындары таулы аймақтың іші-сыртына қатынай алады.

Қом ауылы Шыңжаңның көркем Қанас аумағында орналасқан. Көркем аумақ Қанас, Жалдың үйі, Аққаба және Қом сияқты төрт өңірді қамтиды. 6 қаңтардан бастап бірнеше рет жауған қалың қардың салдарынан Қанас көрікті аумағында әлденеше рет қар көшкіні болды. Бұл көрікті аумақтан аудан орталығы мен басқа өңірлерге байланыс жолдарын үзіп, жергілікті тұрғындар мен туристердің қалыпты қозғалысына кедергі келтірген еді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото