- Барлық ақпарат
Алтайға қысқы спорт түрінен төрт елдің спортшылары жиналды (8)
![]() |
19 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шыңжаңның Алтай қаласындағы Генарал тау Халықаралық тау шаңғысы курортында «Қар-мұз жібек жолы, Қытай қар мекені» атты Алтай тауы алғашқы қысқы ойындар ашылды. Спорттық шараға Қытай, Моңғолия, Ресей және Қазақстаннан 155 спортшы қатысты.
Осы іс-шара барысында конькимен жүгіру, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шаңғы жарысы, тау шаңғысы, сноуборд, альпинизм шаңғы жарысы (ежелгі тері шаңғымен сырғанау) және басқа да жарыс түрлері өткізіледі.
Алтай аймағы солтүстіктің 45-47 градусындағы алтын ендікте орналасқан. Бұл Қытайдағы ең жақсы табиғи шаңғы аймақтарының бірі. Әрі тау шаңғысы мен кросс спортшылары үшін маңызды жаттығу базаларының бірі. Мұндағы қар-мұз жарыстарының артықшылығы барған сайын айқындалуда.
people.cn © People's Daily Online