Шаньдун өлкесі Цаосянь ауданында Қытай дәстүрлі киімдеріне тапсырыс артты (2)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 қаңтар
Шаньдун өлкесі Цаосянь ауданында Қытай дәстүрлі киімдеріне тапсырыс артты

26 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Соңғы жылдары ұлттық өнімдерді қолдау артып, Қытай дәстүрлі киімдері(Ханьфу)танымал бола бастады. Қытай жаңа жылы жақындаған сайын Шаньдун өлкесінің Цаосянь ауданында шығарылған Қытай дәстүрлі киімдері бүкіл елде сатылып жатыр, тіпті сұраныс ұсыныстан да асып түсіп, тұтынушыларды баурады.

Цаосянь ауданы елдегі ең ірі сахналық киімдерді өңдеу базасы ретінде 2018 жылдан бастап Қытай дәстүрлі киімдерін(Ханьфу)шығара бастады және «электрондық коммерция» көмегімен қарқынды дамыды. Қазір Қытай дәстүрлі киімдерін(Ханьфуды)сату отандық нарықтың 40%-ын иелейді. Мәліметтерге сәйкес, 2023 жылы Цаосянь ауданындағы Қытай дәстүрлі киімдерінің(Ханьфу)сатылымы 7 миллиард юаньға жеткен. Онда бұл киімдерді өндіру және өңдеу бойынша 2 282 кәсіпорын, 13 989 интернет-дүкен және 100 000-ға қызметкер бар. Қазір төл туынды зерттеу және әзірлеу, дизайн мен өндіріс, авторлық құқықты қорғау, кесу мен басып шығару, кесте тігу мен гүл басу, мәтериалдар мен жабдықтар, сондай-ақ көрмелер мен көрме қойылымдары қатарлы толық сатылым тізбегі қалыптасты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото