Дүние жүзіндегі жойылып кету қаупі төнген сиыр түлігі алғаш рет елімізде сәтті клонданып, дүниеге келді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 31 қаңтар
Дүние жүзіндегі жойылып кету қаупі төнген сиыр түлігі алғаш рет елімізде сәтті клонданып, дүниеге келді

31 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Дүние жүзіндегі жойылып кету қаупі төнген сиыр түрлері-чжанму мен апэйцзяцза жақында Чунциннің Юньян қаласында сәтті клондалды. Бұл әлемде бірінші рет қарлы үстіртте тіршілік ететін жойылып кету қаупі төнген сиыр түрінің сәтті клондалуы.

Сиырдың чжанму мен апэйцзяцза түрлері әлемде сирек кездесетін жергілікті мал тұқымдары болып табылады. Олар мемлекет баптаған үстірт ортасына бейімделген тұқымдардың стратегиялық ресурстары. Үшінші ұлттық мал мен құстың генетикалық ресурстары санағының бағалауы бойынша, чжанму сирынан тек 19 тұяқ, апэйцзяцза сиырынан 39 тұяқ, ұрықты бұқадан 1 тұяқ ғана қалып, жойылып кету алдында тұр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото