Ланкази, Сицзан: 5000 метр биіктегі «мұзды көлден қой өткізу»

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 2 ақпан

1 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 1 ақпанда Сицзанның Шаннан қаласы, Ланкази ауданының Далон қалашығында «мұзды көлден қой өткізу» жұмысы басталды. Мыңдаған жылдық тарихы бар бұл көрініс елдің түкпір-түкпірінен туристер мен фотосурет әуесқойларының қызығушылығын тудырды.

Қыста Туйва ауылының жайылымы қойларды жеткілікті азықпен қамтамасыз ете алмайды, ал Пумоен көлінің қақ ортасындағы аралдың шөбі шүйгін болады. Сондықтан Пумоен көліне мұз қатқанда ауыл тұрғындары қойларды көлдің қақ ортасындағы аралға айдайды, қойларды көл ерігенге дейін сонда отарлатып, мұз ерігенге дейін ауылға қайтарады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото