Қытай жаңа жылы қарсаңында Қорғастағы Қытай-Қазақстан шекарасынан оралғандардың саны айтарлықтай өсті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 5 ақпан
Қытай жаңа жылы қарсаңында Қорғастағы Қытай-Қазақстан шекарасынан оралғандардың саны айтарлықтай өсті

5 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай жаңа жылы жақындап, шетелде саудамен айналысатын, саяхатпен жүрген, білім алып жатқан, туысшылап жүрген көптеген адам Қорғас шекарасы арқылы өтіп, үйіне қайтып жаңа жыл өткізуге келді. Қорғасқа кіру және шығу шекара бекетінің статистикасына сәйкес, 2 ақпандағы жағдай бойынша биыл Қорғас портынан 80 000-нан астам адам кіріп-шыққан, ал кіріп-шыққан көлік саны 20 000-нан асқан. Елге кіретін және шығатын адамдар мен көліктердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото