Қазақстандық көз аурулары маманы Қытай Үкіметінің Достық сыйлығын иеленді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 6 ақпан
Қазақстандық көз аурулары маманы Қытай Үкіметінің Достық сыйлығын иеленді

6 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 4 ақпанда Бейжіңдегі Халық құрылтайы сарайында 2023 жылғы Қытай үкіметі Достық сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті. Хэйлунцзяндағы Дацин көз ауруханасының қазақстандық көз аурулар сарапшысы Сәулебек Қабылбеков осы сыйлыққа ие болды.

Сәулебек Қабылбеков 1991 жылы Ресей халықтар достығы университетінде медицина магистрі дәрежесін алды. 1998 жылға дейін Қазақстандағы Алматы көз аурулары институтында көз аурулар емшісі және директоры болып жұмыс істеді. Осы кезеңде ол бірнеше рет шақыртумен Қытайда қызмет етті. 1998 жылы ол көрнекті жас шетелдік сарапшы ретінде Хэйлунцзян Дацин көз ауруханасына келіп ауруханаға техникалық көмек көрсетті. Содан бері Қытайда табаны күректей 20 жылдан астам жұмыс істеді.

Сәулебек клиникалық көз ауруларымен 40 жылға жуық айналысқан тежирбесі мол, білікті маман. Ол көз аурулары бөлімінде жиі кездесетін және күрделі көз ауруларын диагностикалау мен емдеуде бай тәжірибе жинақтады. «Мен 25 жылда Хэйлунцзян мен Қытайға бауыр басып кеттім»-, дейді ол. Сәулебек Қабылбеков үшін Достық сыйлығы-өзіне деген сенім ғана емес, сонымен қатар Қытай мен Қазақстан халқы арасындағы терең достықтың куәсі.

Қытай үкіметінің Достық сыйлығы-Қытай үкіметі Қытайдың реформалары мен дамуына маңызды үлес қосқан шетелдік сарапшыларды марапаттау үшін тағайындаған құрметті атақ. 2023 жылы бұл сыйлықты барлығы 50 шетелдік сарапшы жеңіп алды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото