Жаңа жылда Орталық Азияның алғашқы «Тұлпар» нөмірлі астық тиеген пойызы Увэйге келді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 20 ақпан
Жаңа жылда Орталық Азияның алғашқы «Тұлпар» нөмірлі астық тиеген пойызы Увэйге келді

20 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 17 ақпанда 62 импортталған арпа тиейтін контейнері бар Орталық Азия 75 136 «Тұлпар» нөмірлі пойызының кері бағыты астық, жем-шөп және мал шаруашылығына қатысты азықты тиеп, Увэйдің оңтүстік вокзалына сәтті жетті. Бұл айдаһар жылы алғаш Вувэйге «Тұлпар» нөмірлі пойызымен Орталық Азиядан импортталған астық пен жем-шөп тиелген алғашқы пойыз.

Пойыз жүгінің жалпы салмағы 1612 тоннаны құрайды және жүк құны шамамен 3,7 миллион юань болады. Ол 10 ақпанда Қазақстандағы Жаңа есіл станциясынан жолға шығып, 7 күн жүріп, Қорғас шекарасы арқылы Увэй Оңтүстік теміржол вокзалына сәтті жетті. Бұл жолы импортталған арпа негізінен Увэйдегі жергілікті және оның айналасындағы астық өңдеу кәсіпорындарына жеткізіледі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото