- Барлық ақпарат
Отырықшы мал шаруашылығы Шыңжаңның Шапшал Сібе автономиялық ауданындағы малшылардың табысын молайтты (10)
![]() |
20 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңдағы Іле Қазақ автономиялық облысы, Шапшал Сібе автономиялық ауданы, Ұзынбұлақ ауылындағы фермерлер қауымдастығында егін сабақтары мен шабындық үймектері қаз-қатар тізілген. Жылы қорадағы ірі қара мен қойлардың жүні жылтырап, жоны майланып тұр. Малшылар түліктердің жем-шөбі мен суын дайындап, қораны тазалап, ауылдың жайбарақат тірлігі өз ырғағымен жүріп жатыр. Соңғы жылдары Ұзынбұлақ ауылдық фермерлер қауымдастығында отырықшы малшының саны 148-ге жетті. Олар асыл тұқымды мал өсіру бойынша кірістерін молайтты. 2023 жылдың аяғында асыл тұқымды мал басының жылдық саны 16 800-ге жетті. Жылына қорадан (нарыққа) шығатын мал саны 9 900-ден асып, мал шаруашылығының жалпы табысы 11,103 миллионды құрады. Қазіргі уақытта асыл тұқымды мал өсіру аумағында 14 300-ден астам бас мал өсірілуде. Бұл отырықшы малшылардың жаңа жылда асыл тұқымды мал шаруашылығының ауқымын кеңейтудегі сенімдерін бекіте түсті.
people.cn © People's Daily Online