Дохада Жүзуден әлем чемпионатында Қытай құрамасы қос рейтингте бірінші орынды иеледі

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 20 ақпан
Дохада Жүзуден әлем чемпионатында Қытай құрамасы қос рейтингте бірінші орынды иеледі

20 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 2024 жылы Дохада Жүзуден әлем чемпионаты Бейжің уақытымен 19 ақпан күні таңертең аяқталды. Жалпы алтын медальдар тізімінде 23 алтын медаль жеңіп алған Қытай құрамасы көш бастады. Ал жалпы медальдар кестесінде Қытай құрамасы тағы да 33 медальмен бірінші орынды иеленді.

Қытай құрамасы жеңіп алған 33 медаль 3 ірі іс-шарадан алынды, оның ішінде 9 алтын және 4 күміс медаль сүңгу, 7 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль синхронды жүзу және 7 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жүзуден қанжығаларына байланды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото