ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер экологиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты талқылады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 27 ақпан
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер экологиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты талқылады

27 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 26 ақпанда Бейжіңде ШЫҰ хатшылығында «ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің экологиялық қауіпсіздігі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Отырста Қазақстан, Ресей, Үндістан, Иран, Пәкістан және ШЫҰ-ға мүше басқа мемлекеттердің тұрақты өкілдері өз елдерінің экологиялық ортасының қазіргі жағдайы мен саясатын таныстырып, болашақ ынтымақтастық туралы ұсыныстарын ортаға салды.

ШЫҰ Хатшылығы Бас Хатшысының орынбасары Janesh Kain ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер мемлекет басшылары кеңесінің 2023 жылғы Нью-Дели декларациясында 2024 жылды «ШЫҰ-ның экологиялық жылы» деп жариялаған болатын. ШЫҰ экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысы, конкурстар, семинарлар, интерактивті ойындар, экологиялық акциялар және басқа да іс-шаралар өткізеді деп таныстырды.

Қазақстанның ШЫҰ Хатшылығындағы Тұрақты өкілі Нұрлан Аққошқаров ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер құрғақшылыққа, ауа-райының қолайсыздығына, шөлейттенуге, биоәртүрліліктің жоғалуына және басқа да мәселелерге тап болып отырғанын айтты. Тұрақты өкіл барлық ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне бірге күш салып, үлес қосады деп күтетінін жеткізді.

Ол Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің ұлттық стратегиясын қабылдағанын атап өтті. Қазір Қазақстан жасыл экономикаға ауысу бағытында белсенді түрде алға жылжып келеді.

Кездесуде Біріккен Ұлттар ұйымының Бейбітшілік операциялары департаментінің Бейжің кеңсесінің кеңесшісі Marina Laurent ШЫҰ-ның экологиялық қауіпсіздік сияқты әртүрлі салалардағы ынтымақтастығының нәтижелерін жоғары бағалады. Ол осы қыркүйекте Біріккен Ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясы адамзаттың экологиялық мәселелер сияқты көптеген сынақты қалай бірлесіп бағындыру туралы талқылайтынын айтты.

Қытайдың экология және қоршаған ортаны қорғау министрлігі халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Цуй Даньдань өз сөзінде Қытайдың ШЫҰ-ның экологиялық және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастығына баса мән беретінін, Қытай-ШЫҰ-ның қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық орталығын құрғанын атап өтті. Сонымен бірге «ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мемлекет басшылары кеңесінің климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл туралы мәлімдемесіне» қол жеткізуге ықпал етті, ШЫҰ-ның қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпарат алмасу платформасын құрды, Қытай-ШЫҰ-ның экологиялық және қоршаған ортаны қорғаудың инновациялық базасын салуды зерттеп, семинарлар мен алмасулар өткізді. Қытай аймақтық және жаһандық экологиялық қауіпсіздікті сақтауға және тағдыры ортақ адамзат қауымдастығын құруға оң үлес қосу үшін барлық тараппен ынтымақтасуға дайын екенін айтты.

Бұл отырысқа ШЫҰ-ның кезекші төрағасы болған Қазақстанның ШЫҰ Хатшылығындағы Тұрақты өкілі Нұрлан Аққошқаров төрағалық етті. Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Мансұр Ошурбаев бейнебаян арқылы сөз сөйледі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото