Дуньхуан, Ганьсу:шөл даладағы жасыл энергетика

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 28 ақпан
Дуньхуан, Ганьсу:шөл даладағы жасыл энергетика

28 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Ақпан айының соңында Ганьсу өлкесінің Дуньхуан қаласында қар көп жауды, Гоби шөлінде көктемгі ызғар жүре бастады. Дуньхуан қаласынан батысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан Гоби шөлінде биіктігі 260 метрлік жылу сіміретін мұнара қарлы далада жарқырап көзге түседі. Мұнараны орталық еткен шеңберге биіктен көз салсаңыз, ұқыпты орналастырылған 12 000 алып гелиостатты көресіз, олар мұнараға күн сәулесін шағылыстырады. Бұл осы кезеңдегі еліміздегі ең ірі, жылу сіміретін мұнарасы ең биік, үздіксіз электр қуатын өндіре алатын - Шоухан Дунхуан 100 МВт балқытылған тұз мұнаралы CSP электр станциясы.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото