Алматыда «Жібек Жолы» кәсіпқой бокс жарысы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 4 наурыз
Алматыда «Жібек Жолы» кәсіпқой бокс жарысы өтті

4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 1 наурызда Қазақстанның Алматы қаласында кәсіпқой бокстан «Жібек Жолы» жарысы өтті. Оған Қытай, Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Индонезия сияқты 8 елден 20-дан астам спортшы қатысты. Іс-шараға Қытайдың Алматыдағы Бас Консулы Цзян Вэй мен белгілі қазақстандық боксшы Қанат Ісләм қатысып, жеңімпаз спортшыларға марапаттар табыстады.

Бұл жарыста қытайлық үш спортшы алға озып, үш шайқаста да тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Қытайдың Шыңжаңынан келген Ақтілек Жеңісұлы техникалық нокаутпен (TKO) жартылай орта салмақтағы UBO Азия чемпионы атағын жеңіп алды.

Ойынды 2000-ға жуық көрермен тамашалады. Қазақстандық Спорт Арнасы мен Орталық Азия елдерінің телеарналары спорт шарасын толық тікелей эфирде көрсетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото