Хайнаньда питайя гүлдеп, «шамдар мен жұлдыздар теңізі» ертегі әлеміне айналды (7)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 7 наурыз
Хайнаньда питайя гүлдеп, «шамдар мен жұлдыздар теңізі» ертегі әлеміне айналды

7 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қазір тропикалық жеміс питайяның гүлдену кезеңі. Хайнань өлкесінің Линшуй ауданында орналасқан питайя жеміс-жидек базасында егістіктер түнде жарқырап, түн құшағында тамаша «шамдар мен жұлдыздар теңізіне» айналды.

Базаға жауапты адамның айтуынша, питайя жемісінің гүлдері қараңғы түскенде гүлдеп, ал бүршіктері таң атқанда жабылады. Сондықтан оларды «түнгі перизат» деп те атайды. Питайя жемісінің гүл бүршіктерін саралау үшін 12 сағаттан астам уақыт жарық түсіп тұру керек. Алайда қыс пен көктем мезгілінде күн қысқа, түн ұзақ болуына байланысты түнде жасанды жолмен жарықтандырып, өсімдіктің күннен нәр алу уақытын ұзартады. Бұл питайя жемісінің қалыпты өсіп, сапалы болуына пайдалы.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото